Ақтөбеде спорт пен тазалықты үйлестірген ерекше жарыс өтті. Бұл жолы «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында 500 адам жүгіріп жүріп қоқыс жинады. Еріктілер облыс орталығынан тыс аумақтарда бейберекет тасталған пластик бөтелкелер, қаптар, құрылыс қалдықтары мен ескі жиһаздарды жинады. Экологиялық шара барысында бірнеше тонна қалдық шығарылды. Ең көп қоқыс жинаған үздік үш команда арнайы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға үндеп қана қоймай, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді.
ӘЛІМБЕК ТҰРАЛИЕВ, ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:
— «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық жарыс ұйымдастырып отырмыз. Осы аумақты әдейі таңдадық, себебі бұл жердің ластану деңгейі жоғары. Жастармен бірлесіп тазалық жұмыстарын жүргізуді жөн көрдік. Шараға экобелсенділер, «Жасыл ел» сарбаздары және еріктілер қатысып жатыр. Жарыс форматында өтетін шарада 30 команда бақ сынамақ.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.