Қ. Тоқаев АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптады. Мемлекет басшысы пікірін телеграм парақшасында жариялады. Сонымен қатар Президент АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады. Президент мейманға ілтипат танытып, бұл сапар Вашингтонда қол жеткізілген келісімдердің жалғасы, сондай-ақ АҚШ-пен сан қырлы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы маңызды қадам саналатынын атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Ақ үй әкімшілігіне Дональд Трамп келгеннен бастап Вашингтон Астанамен және Орталық Азия аймағымен ықпалдастықты айтарлықтай жандандыра түскен. Бен Блэк қонақжайлық көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Алматыда Қазақстанның іскерлік қауымдастығымен өте нәтижелі әрі мазмұнды кездесу өткеніне тоқталды. Кездесуде аса маңызды минералдар, өзара көлік байланысы, агроөнеркәсіп кешені, цифрландыру және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Сонымен бірге Қазақстанда АҚШ Қаржы корпорациясының халықаралық даму жөніндегі тұрақты өкілдігін ашу мәселесі қаралды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал