АҚШ пен Иран оқ атпау туралы келісімге келді. Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф екі ел бұл келісімге 19 маусымда Швейцарияда қол қоятынын мәлімдеді. Келісім аясында барлық бағыттағы әскери іс-қимылдар, соның ішінде Ливандағы қақтығыстарды да тоқтатуға уағдаласты. Сондай-ақ 19 маусымда әлемдік мұнай тасымалы үшін стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазы қайта ашылмақ. Бейбіт келісім жобасы 14 тармақтан тұрады. Құжатқа сәйкес, АҚШ Иран маңындағы әскери күштерін шығаруды және елді қалпына келтіруге арналған халықаралық жоспар әзірлеуді көздеп отыр. Бұған қоса, Вашингтон жаңа санкциялар енгізбеуге міндеттеме алмақ. Ал АҚШ Президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазы мен Иран порттарындағы шектеулердің алынатынын мәлімдеді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Баршаңызды құттықтаймын! Осымен мен Ормұз бұғазының баж салығынсыз ашылуына толық рұқсат беремін және АҚШ Қарулы Күштері тарапынан енгізілген теңіз блокадасын дереу алып тастауға санкция бердім. Әлемнің барлық кемесі қозғалтқыштарыңызды іске қосыңыздар. Мұнай еркін ағатын болсын!
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.