Жетісу облысы Текелі қаласында көпбалалы ана күйеуін өлтірді деген күдікпен қамауға алынды. Қанды оқиға жекеменшік үйлердің бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ерлі-зайыптылар түн ортасында бірге ішімдік ішкен. Кейін олардың арасында жанжал туып, соңы қайғылы оқиғамен аяқталған. Алдын ала мәлімет бойынша, әйел адам күйеуін пышақтап өлтірген болуы мүмкін. Келіншекті түлен түртті ме? Күйеуіне пышақ сілтейтіндей басына не күн туды? Себебі сотқа дейінгі тергеуде анықталады.
ЖАНАР ҚАЛЫҚОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Істің барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтау мақсатында тергеу әрекеттері атқарылып жатыр. Түпкілікті процессуалдық шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.