Шомылу маусымы басталғалы Ақмола облысында 3 адам суға кеткен

Шомылу маусымы басталғалы Ақмола облысында 3 адам суға кеткен. Олардың екеуі жасөспірім. Жалпы, жыл басынан бері судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін шамамен 150 адамға айыппұл салынған. Төтенше жағдай қызметі Бурабай курортты аймағындағы бірнеше көлде ауқымды профилактикалық іс-шара өткізді. Рейд барысында құтқару операциясын жүргізге тура келген. Серуендеу катері істен шығып, су ортасында қалған 6 турист жағаға шығарыды. Оның екеуі Германия азаматы. Осыдан кейін туристерге төтенше жағдай қызметкерлері суда және тауда сақтану ережелерін түсіндірді.
АНДРЕЙ САЛИКОВ, ТУРИСТ:
— Сақтық шаралары бірінші орында болу керек. Барлық балалар құтқару кеудешелерін киіп жүзеді. Оларға ескекті қалай дұрыс есу керегі түсіндірілді. Осындай шаралар өткізіліп тұрғаны дұрыс.

ЕРСАИН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Осы іс-шараларға 100-ден астам қызметкер қатысты. Олар демалушыларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін айтқан болатын. Жалпы саны 1 мыңға жуық демалушылар қамтылды. Осындай профилактикалық іс-шаралар халық арасындағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал