Қостанай дәрігерлері соңғы уақытта ерекше сұраныстарға тап болды. Тұрғындар әлеуметтік желідегі трендке еріп, наталдық карта жасау үшін өздерінің нақты туған уақытын сұрап, ауруханалар мен емханаларға жаппай жүгінуде. Соңғы екі аптада медициналық мекемелерге осындай екі жүзге жуық өтініш түскен. Әрқайсысы ресми түрде қаралады. Қызметкерлер архивтерді ақтарып, қағаз құжаттарды іздеп дал. Ал медициналық құжаттар тек 25 жыл сақталады.
ӘЛИЯ БЕКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДСБ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Дүниеге келген уақыт туралы ақпарат медициналық көмек көрсету тәртібіне әсер етпейді, сондай-ақ ем тағайындау кезінде де қолданылмайды. Сондықтан Қостанай облысының тұрғындарынан бұл мәселеге түсіністікпен қарауды сұраймыз. Өйткені медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау басқармасының қызметі, ең алдымен, халықтың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.