Қазақстандық парашахматшылар әлем чемпионатында топ жарды

Ел қоржынына тағы екі жүлде түсті. Испанияда парашахматтан өткен әлем чемпионатында топ жарған спортшыларды Астана әуежайында жақындары мен жанкүйерлері қарсы алды. Дүбірлі додада Бақытжан Майкенов алтын, ал Айғаным Қамбарова күміс жүлде еншіледі. Спортшылардың айтуынша, елге оралғандағы бұл қуаныш пен қолдау – олар үшін ең үлкен мәртебе. Айта кетейік, бұл ақыл аламаны мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтті. Жалпы, мұндай жарыс арагідік өткізіліп тұрады.
АЙҒАНЫМ ҚАМБАРОВА, ПАРАШАХМАТТАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ:
— Әлем чемпионатында вице-чемпион атану үлкен жетістік деп ойлаймын. Мен онымен мақтанамын. Қазақстанның туын желбіретуге әрдайым дайынмын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал