Өмірлік маңызы бар дәрілер тізімнен алынып тасталды: ата-аналар наразы | 15.06.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

САЯСИ СЕРПІЛІС
«Аманат» партиясы «Әділетке» қосылды. Сөйтіп, саяси ұйым тарих қойнауына кетті. Ал су жаңа Әділет екінші сьезін өткізіп, жаңа мақсатын айқындады. Астанадағы партия ғимаратында жаңа атау ілінді. Сонымен күш біріктірудің астарында қандай мүдде жатыр?

ҚАРУЛЫ КЕЛІНШЕК
Жетісу облысына қарасты Текелі қаласында әйел адам күйеуін пышақтап өлтірді. Полиция мәліметінше, 45 жастағы ер адам қансырап көз жұмған. Келіншекті түлен түртті ме? Күйеуіне пышақ сілтейтіндей басына не күн туды? Себебін анықтаймыз.

ЖОЛДЫ БӨГЕДІ
Түркістан облысында тұрғындар мен жүк көлігі жүргізушілері арасында текетірес басталды. Ауыл азаматтары Сайрам ауданы Ақбұлақ елді мекені арқылы өтетін жолды бөгеп тастады. Бұл басқа баламасы жоқ облыстық маңызы бар жол. Тұрғындардың уәжі қандай?

СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
Бурабайда шомылу маусымы басталғалы бері үш адам суға кетті. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметкерлері аймақтағы алты өзенде қауіпсіздікті күшейтті. Жыл басынан бері суға түсу ережесін бұзған 150 адам анықталдып, оларға айыппұл салынды.

БАЙЛЫҚҚА АПАРАР ЖОЛ
Қостанай дәрігерлері сырқатпен күресудің орнына астрологпен арпалысып жатыр. Тұрғындар емханаларға ағыла бастаған. Олар жергілікті астрологқа бал аштыру үшін дүниеге келген уақытын білуге асығып жатыр. Сол арқылы жолын ашып, байлыққа қол жеткізбекші.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал