Астанада біреулер 11-қабаттан велосипед лақтырған

Белгісіз біреулер 11-қабаттан велосипед лақтырды. Дәл сол сәтте астында бүлдіршін ойнап жүрген. Оны періштесі қақты. Оқиғаға орнына полиция дереу жетіп, төбеден зат лақтырғандарды іздеп тапты. Мұны екі жасөспірім қызық үшін істеген көрінеді. Енді бала тарбиесіне жөнді қарамаған ата-ана әкімшілік жазаға тартылады. Ал екі балаға бұлай жасауға болмайтыны түсіндірілді. Бұл заңға қайшы екені айтылып, қоғамдық тәртіпті сақтау ескертілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал