Қос қайғы. Тобыл өзенінің жағасындағы қарапайым отбасылық демалыс қайғылы жағдаймен аяқталды. Қостанай облысындағы Алтын дала ауылының маңында атасы мен алты жасар немересі суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, бала су жиегінде ойнап жүріп, қатты ағысқа түсіп кеткен. Мұны көрген атасы немересін құтқаруға ұмтылған. Алайда өзі де ағысқа төтеп бере алмаған. Ағыс екеуін де алып кетті. Екі тәулікке созылған іздеу жұмыстары нәтижесінде атасы мен немересінің денесі табылды. Қазір қайғылы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.
АРУЖАН АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНЖЕНЕРІ:
— Іздестіру-құтқару жұмыстарына 40-қа жуық жеке құрам қызметкері, 13 бірлік техника, 2 жүзу құралы және бір ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Іздестіру басталғалы су айдынының акваториясында жалпы көлемі 32 мың шаршы метр аумақ тексерілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.