Оралда Шаған өзені арқылы өтетін көпірдің жөндеуі жұртқа қолайсыздық тудырды

Оралда Шаған өзені арқылы өтетін көпір жөндеуге жабылды. Салдарынан арғы беттегі бірнеше аудан тұрғындары жаяулап жүр. Қоғамдық көлік көпірдің жабылған жеріне келіп тоқтайды. Әрі қарай келесі беттегі автобусқа жетуге тура келеді. Сондықтан жергілікті жұрт аптап ыстықта жаяу жүруге мәжбүр. Аялдама арасы да алшақ. Ал көлігі барлар айналма жолмен қатынайды. Бұл әдеттегі жолдан 2-3 есе ұзақ. Ұрымтал тұсты такси жүргізушілері пайдаланып, жол ақысын шарықтатып жіберген. Мердігер мекеме көпірді жөндеу бір аптаға созылады деп отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал