Жолаушылар вагондары жаңартылып жатыр

Елімізде жолаушылар вагондары жаңартылып жатыр. Көлік министрлігінің ақпараты бойынша, қазір елдегі жолаушылар вагонының жалпы саны 2 мың 600-ден асады. Соңғы бес жылда 653 вагон жаңартылған. Соның нәтижесінде, пайдалану мерзімі 10 жылдан аспайтын вагондар үлесі 46 пайыздан 54 пайызға дейін өсті. Жаңарту жұмыстары алдағы жылдары да жалғасады. Биыл 191 жаңа вагон сатып алынып, 261 вагон пайдаланудан шығарылады. 2027 жылы 208, ал 2028 жылы тағы 105 жаңа вагон паркке қосылады деген болжам бар. Қазақстан Темір жолы компаниясының жоспарына сәйкес, 2030 жылға қарай жолаушылар вагондары паркінің 90 пайызы жаңаруы тиіс.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал