Еліміздің бірқатар өңірінде күн 40 градусқа дейін ысиды. Синоптиктердің болжамынша, кей өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ал оңтүстік және батыс аймақтарда аптап ыстық сақталып, күн шыжиды. Мамандар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Қатты жаңбыр: 16 маусымда Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 18 маусымда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында күтіледі. Күндіз ауа температурасы еліміздің оңтүстік-батысында және оңтүстігінде +35…+40°С-қа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде де ауа температурасы +35…+38°С-қа дейін жоғарылап, қатты ыстық сақталады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.