Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ТОБЫЛ ЖҰТТЫ
Тобыл өзені атасы мен немересін ағызып әкетті. Қазір Қостанай облысының құтқарушылары олардың денесін іздеп жатыр. Қайғылы оқиға Алтын дала ауылы маңында болған. Бала су жиегінде ойнап жүріп, суға аққан. Атасы оны құтқармаққа ұмтылған.
АТТРАКЦИОН ҚҰРБАНЫ
Қызылордада аттракцион 18 жастағы баланың аяғын жұлып кетті. Қазір оның жағдайы ауыр. Дәрігерлер сол аяғын кесуге мәжбүр болды. Полиция еңбек қауіпсіздігін сақтамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
БЕЛГІСІЗ ІНДЕТ
Еліміздің солтүстігіндегі Ильинка ауылы азаматтары малын қорада ұстап отыр. Аша тұяқ белгісіз індет жұқтырған. Мал аузынан көбік ағып, оттай алмайды. Бұдан бұрын көрші елді мекендерде де осындай ауру шыққан.
АПТАП ЫСТЫҚ БОЛАДЫ
Алда ауыз кептіретін аптап ыстық келе жатыр. Еліміздің оңтүстігінде күн 40 градусқа дейін ысиды. Ал кейбір аймақта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. «Солтүстікте жел күшейіп, бұршақ болуы мүмкін», — дейді синоптиктер.
ҚАРТ ХОРЕОГРАФ
Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында тұратын қарт хореограф арнамыздың тілшісіне вальс үйретті. 77 жастағы қария бүлдіршіндер мен кейуаналарға ұлттық би өнерінің қыр-сырын үйретуде. Тәжірибелі ұстаздың шәкірттері түрлі байқауда топ жарып жүр.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.