БҚО-да қызылша ауруы асқынып барады

Батыс Қазақстан облысында қызылша ауруы асқынып барады. Өткен жылы өңірде кеселді жұқтырғандар саны 21 адам болған. Ал биыл 271 жағдай тіркеліп отыр. Солардың 226-сы – 14 жасқа дейінгі бала. «Үдеріс осылай жалғаса берсе, эпид ахуал ушығуы мүмкін деп», — алаңдайды мамандар. Бұл сырқат көбіне ауа арқылы тарайды. Ал оны алдын алудың жалғыз жолы – екпе алу. Халық көп шоғырланатын орындарда қарапайым сақтықты сақтаған абзал. Егер қызу көтеріліп, көз қызарып, бөртпе пайда болса, дереу дәрігерге қаралу керек.
ГҮЛДАНА КЕРЕЕВА, СЭҚБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Ауырған балалар мен ересектер көпшілігі профилактикалық екпе алмаған. Сол себептен күнтізбелік егу жоспарына сәйкес, қызылшаға қарсы вакцина алу өте маңызды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал