Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін бөлуге келісті

Иран біздің елге Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портынан жер телімін бөлуге келісті. Бұл – Ормұз бұғазындағы маңызды көлік бағыттарының бірі. Қазақстан вице-премьері – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, Иран өңірдегі Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді. Екі ел қолданыстағы жол картасы мен Иран және Еуразиялық экономикалық одақ арасындағы еркін сауда туралы келісім аясында өзара тауар айналымын 3 миллиард долларға жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ Қазақстан Каспий теңізіндегі логистикалық қызметті дамыту үшін ирандық компанияларға Ақтау мен Құрық порттарындағы айлақтарды, терминалдарды және порт аумақтарын беру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін мәлімдеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал