Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі мен БҚДА төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады. Президентке елдегі криминогендік ахуал және Ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы баяндалды. Ержан Сәденовтің айтуынша, биылғы бес айда қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендеген. Есепті кезеңде, өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған. Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды. Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін, «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

Мұнан соң Мемлекет басшысы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады. Президент «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлықты іске асыруға арналған есепті тыңдады. Марат Омаровтың айтуынша, бұл Жарлықты орындау аясында, квазимемлекеттік секторды қысқарту және бәсекелестікті дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал