Соңғы кезде ел нарығында қой еті қымбаттады. Сауда және интеграция министрі бұған не себеп екенін түсіндірді. Арман Шаққалиевтың айтуынша, бағаның қымбаттауына маусымдық сұраныстың артуы, яғни Құрбан айт мерекесі мен түрлі той-думан, банкеттердің көбеюі әсер еткен. Алайда министр бұл жағдайдың уақытша құбылыс екенін жеткізді. Өйткені азық-түлік бағасы тек сұранысқа ғана емес нарықтағы жағдайға да тікелей байланысты қалыптасады. Мәселен, сиыр етінің құны бойынша Қазақстан әлі де әлемдегі бағасы салыстырмалы түрде төмен елдердің қатарында қалып отыр. Жалпы жауапты министрлік пен Ұлттық банк инфляцияны тежеу бағытындағы кешенді жұмысты жалғастырып жатыр.
АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ, САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ:
— Нарықта қой етін алмастыра алатын өнімдер жеткілікті. Олар – сиыр еті, жылқы және құс еті. Баға ешқашан бір орында тұрмайды, оған маусымдық факторлар әсер етеді. Нарықта сұраныс пен ұсыныс тең болған кезде ғана баға тұрақтанады. Ет өнімдерінің 80 пайыздан астамы елімізде өндіріледі. Сондықтан біздің басты міндетіміз – халық көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың құнын бақылауда ұстап, қымбаттауға жол бермеу.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.