Орталық Азия жоғары білім саласында Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыруға ниетті. Елордада ЮНЕСКО-ның алғашқы өңірлік саяси диалогы өтіп жатыр. Іс-шараға мемлекеттік орган, жоғары оқу орындары, халықаралық ұйым өкілдері мен сарапшылары қатысып жатыр. Мақсаты – өңірлік ынтымақтастықты нығайту және ортақ жоғары білім кеңістігін дамыту. Қатысушылар бір-бірінің біліктілігін мойындау, білім сапасын арттыру және академиялық ұтқырлықты кеңейту мәселелерін талқылауда. ЮНЕСКО конвенцияларын жүзеге асыру тетіктеріне де аса мән беріліп отыр. Диалог қорытындысы бойынша 2030 жылға дейінгі өңірлік жол картасы әзірленеді.
НҰРБЕК ТЕЛЕШАЛЫ, ЮНЕСКО-НЫҢ БІЛІМ ЖӨНІНДЕГІ МАМАНЫ:
— Бұл кездесу студенттер мен жоғары оқу орындары оқытушыларының Азияда және әлемде болып жатқан жаһандық үдерістерге белсенді қатысу мәселелерін талқылауға арналған. Сондай-ақ шетелде немесе өз елімізде алған білім мен біліктілікті арттыру, академиялық тәжірибе алмасуды дамыту мәселелері қарастырылады. Бұл студенттер мен мамандардың басқа елде оқып, еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.