Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СУШИ ЖАСАМАЙДЫ
Алматыдағы Sushi Time қоғамдық тамақтану орны уақытша жабылды. Бұдан бұрын Боралдай кентіндегі бұл орында жиырмаға жуық адам астан ұшынып, ауруханаға түскен еді. Қазір мәселенің мән-жайы анықталып жатыр.
ҚЫЗЫЛША ӨРШІДІ
Батыс Қазақстан облысында қызылша жұқтырғандар саны күрт көбейді. Былтыр 21 жағдай тіркелсе, биыл жыл басталғалы 271 адам осы аурумен ауырған. Аурудың белең алуына не себеп? Мамандардан анықтаймыз.
ОРМУЗДАН ҮЛЕС
Иран Қазақстанға Ормуз бұғазы портынан жер учаскесін бөліп беретін болды. Бұл әлемдегі ең маңызды көлік маршруты саналады. Премьер-министрдің орынбасары әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин осылай мәлімдеді.
ҚАЗАҚСТАН ҚАРБЫЗЫ
Әлемдегі жеміс нарығында жаңа қарбыз түрі пайда болады. Қазір жергілікті ғалымдар бірегей отандық өнім жасаудың алғышарттарын әзірлеп жатыр. Ендеше Қазақстан қарбызын жейтін күн алыс емес.
ӘКЕ КЕЛБЕТІ
Қазіргі әкенің келбеті қандай болуы керек? «Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі». Астанада әкелер бас қосты. Атаулы күн қарсаңында ер адамның отбасындағы рөлі мен орны ортаға салынды.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.