Астанада жасөспірімдер бес баланы соққыға жықты. Қолдарына кастет тағып алып, төбелескендер ұсталды. Енді олардың заңды өкілдері де жауапқа тартылады. Ал зардап шеккен балалардың ата-аналары полицияға шағымданды. Өйткені таяқ жегендер ауруханаға барып, дәрігер көмегіне жүгінген.
ЭЛЬМИРА ШӘУЛЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Оқиғаға қатысқан бір-бірін бұрыннан танитын барлық тұлға анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп, тексеру амалдары жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.