Солтүстік Қазақстан облысында биылғы бес айда буллингке қатысты 10 дерек тіркелді. Кемшілікке жол бергені үшін 9 баланың заңды өкілі әкімшілік жауапқа тартылды. Өңірдегі мектептерде буллингке қарсы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Білім ордаларына ақылды камералар орнатылып жатыр. Егер бала агрессивті мінез-құлық танытып, төбелес шығарса жасанды интеллект телеграмм ботқа лезде хабарлама жібереді. Мамандардың сөзінше, жастар арасында қоқан-лоқы көрсету тек физикалық агрессиямен шектелмейді. Оған қорлау, кекету, өсек тарату секілді психологиялық қысымдар да жатады. Сондықтан тәртіп сақшылары жазғы демалыс кезінде де ұдайы рейд өткізуге көшті. Айталық, жыл басынан бері облыс орталығында түнде жүрген 375 жасөспірім анықталып, 57 ішімдік ішу дерегі тіркелді. 51 материал кәмілетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарауына жіберілді.
ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Буллингтің алдын алу жұмыстарымен 13,5 мыңнан астам педагог айналысады. Білім беру ұйымдарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген: педагогтердің кезекшілігі ұйымдастырылған, профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Прокуратурамен бірлесіп «Цифрлық балалық шақ сақшысы» жобасы жүзеге асырылуда. 44 мектепте «PROTECTOR AI» жүйесі енгізілген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.