Алматыда тағы да жол апаты болды. Бұл жолы Рысқұлов даңғылында Changan көлігінің жүргізушісі жолда қауіпті маневр жасап, әрі-бері ойқастап, жылдымдықты асырған. Ақыры рульге ие бол алмай, екі көлікті соғып, өзі аударылып қалды. Сөйтіп, медициналық көмекке жүгінді. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Айта кетейік, бұдан бұрын Zeekr көлігі қарсы бетке шығып жүйткіп, басқа көлікке соғылып, салдарынан үш адам қайтыс болған еді. Сондықтан тұрғындар осындай қайғылы оқиғадан сабақ алмаған жүргізушілерді сабасына түсіруді сұрайды.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік аударылып қалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Бұл жағдай тағы да маневр жасау ережесін бұзу және көлікті агрессивті жүргізу жол-көлік оқиғаларына әкелетінін дәлелдейді. Алматы полициясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпті маневрлерге жол бермеуге және жолдағы қауіпсіздік әр адамның жауапкершілігі екенін есте сақтауға шақырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.