Түркістан облысындағы Ақбұлақ ауылының маңында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Ауыл кіреберісіне тиісті жол белгісі орнатылды. Енді жүк көліктері елді мекен ішімен емес, арнайы салынған айналма жолмен қатынауға міндетті. Жол ережесінің сақталуын патрульдік полиция қызметкерлері бақылауға алған. Ал ауыл әкімдігі бұл шешім тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қабылданғанын айтады. Бірнеше күн бұрын жүк көлігі жүргізушілері заңсыз қойылды деп дауласқан сыммен байланған жол белгісі қазір талапқа сай жаңартылған. Сәйкесінше, жүк көліктері енді ауылға кірмейді. Апта басында арнамыздың түсіру тобы ауыл азаматтарының жанайқайын көрсеткен еді. Мәселенің оң шешілуіне сол материал да түрткі болды.
НҰРЛЫБЕК СӘРСЕНБИЕВ, АҚБҰЛАҚ АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
— Бүгінгі таңда Ақбұлақ ауылының кіреберісіне ауыр жүк көліктеріне арнайы белгі қойылған, оның заңды күші бар. Тұрғындардың алаңдауына ешқандай негіз жоқ. Себебі Ақбұлақ ауылының кіреберісінен айналма жол салынған тас, құм таситын ауыр жүк көліктері үшін. Бүгінгі таңда ауыр жүк көліктері аталған жолмен жүріп жатыр. Жүргізушілер енді жол ережесіне бағынуы тиіс, бағынбаған жағдайда құзырлы органдар тарапынан арнайы айыппұлдар салынатын болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.