Президент медицина қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Дәрігердің еңбегі мемлекет назарында. Ақорданың төрінде медицина мамандарына құрмет көрсетілді. Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, саланың дамуына айрықша үлес қосқан мамандарды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Күн сайын адам өмірі үшін күресетін ақ халатты абзал жандар Ақорданың төрінде ерекше құрметке ие болды. Медицина мамандарының еңбегі мемлекет деңгейінде бағаланды. Төл мерекесі қарсаңында дәрігерлерді Президент құттықтап, денсаулық сақтау саласының бір топ өкіліне мемлекеттік марапат табыстады.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Ақмарал Савхатова Президент қолынан Құрмет орденін алды. 25 жылдық тәжірибесі бар маман медицинаға кездейсоқ келмеген. Әкесінің ізін жалғап, дәрігер мамандығын таңдаған. Айтуынша, бүгінде бұл салада ілгерушілік бар. Қатерлі ісіктің алдын алу шаралары кешенді жүргзіліп, ауруханалар сәулелік терапияның жаңа әдістерін енгізіліп жатыр.

АҚМАРАЛ САВХАТОВА, ОНКОЛОГИЯ ЖӘНЕ РАДИОЛОГИЯ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ /АЛМАТЫ/:
— Бала кезімнен онкологияға шалдыққан нуқастарды қалай емдейтінін, олардың қалай жазылып кеткенін, көздеріндегі қуанышын көріп өстім. Сондықтан оқу бітірген соң жас маман болып онкология институтына келдім.
Медицинадағы оң өзгерістер мына көрсеткіштерден байқалады. Елде қатерлі ісікті ерте анықтау деңгейі 30 пайызға артқан. Цифрлық технологиялардың көмегімен диагностика жасау мерзімі 4 есе қысқарды. Ал ана өлімі 35 пайыз, сәби өлімі 24 пайыз азайып, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа дейін жетті. Өңірлерде көпбейінді ауруханалар, заманауи емханалар мен перинаталдық орталықтар бой көтеріп жатыр.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Салтанатты жиында Мемлект басшысы Астана медицина университетіне ұлттық мәртебе берілетінін мәлімдеді. Бұл жоғары оқу орнына көрнекті ғалым, Қазақстанның еңбек ері, Төрегелді Шармановтың есімі берілмек. Ал Қарағанды медицина университетіне осы оқу орнының негізін қалаушы Петр Поспеловтың аты беріледі.

ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Дәрігер, адам өмірінің арашасы. Тәулікпен санаспай, талай жанның өмірін сақтап қалған мамандардың еңбегі қашанда өлшеусіз. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау да жыл сайын артып келеді. Бірақ ақ халаттылар үшін ең үлкен марапат – алған атақ не төсбелгі емес. Ол – сауығып кеткен науқастың алғысы мен амандығы.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал