Қазақстан ТМД елдері арасында көші-қон үшін ең тартымды мемлекет деп танылды. Халықаралық Immigration Index 2026 рейтингінде еліміз бұрынғы кеңестік кеңістіктегі барлық елді артқа тастап, көш басына шықты. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Қазақстан 82 мемлекет қамтылған жаһандық тізімде 53-орынға жайғасқан. Сарапшылар елімізге 36 балл берген. Осы көрсеткіш Қазақстанды ТМД аумағындағы шетел азаматтары үшін ең қолайлы бағыт ретінде танытты. Рейтингте Қазақстаннан кейін Молдова, Грузия, Әзербайжан, Армения және Өзбекстан орналасқан. Бұл зерттеуге Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мен Украина қосылмағанын айта кетейік. Ал әлем бойынша көштің басында Швейцария тұр. Үздік бестікке Исландия, Люксембург, Австралия және Германия да енген. Immigration Index елдерді өмір сүру сапасы, экономикалық мүмкіндіктер, еңбек нарығының тартымдылығы және қоныс аударушылардың жаңа ортаға бейімделуіне жасалған жағдайлар бойынша бағалайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.