Шетелдік инвесторлардың Қазақстанға деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,7 триллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 7 пайыз өскен. Бюро деректеріне сәйкес, өсімге негізінен өнеркәсіп пен құрылыс салаларындағы жобалар, сондай-ақ жеке сектордың белсенділігі ықпал еткен. Ал алдағы уақытта отандық экономиканың инвесторлар үшін қай бағыттары ең ұтымды болмақ? Осы сауалға жауап беру үшін инвестиция саласы, қаржылық менеджмент және корпоративтік стратегия бойынша көпжылдық тәжірибесі бар халықаралық сарапшы Кайл Шостактың пікірін сұрап көрдік.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.