Атырауда «Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі мәресіне жетті

Атырауда «Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі мәресіне жетті. Ауқымды шараға Әзербайжан және Ресей мамандары, ғалымдар мен сарапшылар қатысты. Шара аясында өткен ғылыми жиында сарапшылар бекірені көбейтіп, балық қорын сақтау мәселесін ортаға салды. Ал тұрғындар Жайық өзенінде өткен кеме шеруіне куә болды. Балықшылар суға қармақ салып жарысып, балық етінен жасалған түрлі тағам жәрмеңкесі өтті. Осы шарадада балықшыларға сүйінші жаңалық айтылды. Енді өңдеу өнкеркәсібінің шығынын мемлекет субсидиялайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал