Шығыс Қазақстан облысында таулы аймақтардағы сел қаупі бар учаскелерге бақылау күшейтілді. Қазір 11 елді мекен маңында сел жүру қаупі сақталып отыр. Биік таулы ауылдардың маңына 10 гидробекет орнатылған. Тау өзендерінің су деңгейі мен толу жағдайы сағат сайын бақылауда. Өңірде 144 мореналық көл бар. Таулы аймақтағы гидрологиялық жағдайды бақылау қыркүйек айына дейін жалғасады.
АМАНГЕЛДІ ЕҢСЕГЕНОВ, ШҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазіргі таңда көлдердің жағдайы тұрақты, ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Мұздың ашылуы байқалуда. Мынау Громатуха бассейінінің бойында орналасқан мореналық көлдерге әрдайым жаңағы бақылаулар жүргізіледі. Біздің «Қазселден қорғау» қызметкерлері және ТЖД қызметкерлері үнемі бұл жағдайды тиісті бақылауда ұстауда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.