Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БАЛАЛАР ЖҰДЫРЫҚТАСТЫ
Астанада жасөспірімдер бес баланы соққыға жықты. Қолдарына кастет тағып алып, төбелескендер ұсталды. Енді олардың заңды өкілдері де жауапқа тартылады. Ал зардап шеккен балалардың ата-аналары полицияға шағымданды.
ТҮН ТЫНЫШТЫҒЫН БҰЗДЫ
Алматыда түн ортасында көлігімен жол ережесін өрескел бұзған жүргізуші жауапқа тартылды. Ол жолда ойқастап жүремін деп бірнеше көлікке соғылды. Енді жаппай жол апатына себепші болған жігіт барлық шығынды өтейді.
АДАЛ АЗАМАТҚА ҚҰРМЕТ
Бүгін еңбегін адал атқарып жүрген бір топ азамат Президент қолынан марапат алды. Мемлекет басшысы медицина саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік мамандарға алғысын ақтарды.
КӨШУГЕ ҚОЛАЙЛЫ
Қазақстан ТМД елдері арасында көші-қон үшін ең тартымды мемлекет деп танылды. Халықаралық Immigration Index 2026 рейтингінде еліміз бұрынғы кеңестік кеңістіктегі барлық елді артқа тастап, көш басына шықты.
БАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ
Атырауда «Қазыналы Каспий» халықаралық балық фестивалі мәресіне жетті. Шара аясында сала мамандары бекірені көбейтіп, балық қорын сақтау мәселесін ортаға салды. Ал тұрғындар Жайық өзенінде өткен кеме шеруіне куә болды.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.