Батыс Қазақстан облысындағы өзен-көлдерде жыл басынан бері 11 адам суға кетті. Қайғылы жағдайдың төртеуі шомылу маусымы басталғалы болған. Өңірде ресми тіркелген 34 жағажай бар. Алайда осы уақытқа дейін олардың 14-і ғана талапқа сай рұқсат алған. Яғни жартысына жуығы шомылуға жарамсыз. Ал аптап ыстық апшыны қуырғанда сая іздеп, су жағалайтындардың көбейетіні қалыпты. Олардың дені рұқсат етілмеген жерлерде шомылады. Сондықтан құтқарушылардың жұмысы қауырт. Мамандар тұрғындарға арнайы жерлерде ғана шомылуды ескертіп жатыр.
ЖАНБОЛАТ ЖАНШИН, ТЖД БАСТЫҒЫ:
— Техникамыз жеткілікті. Судың бәрін қамту бізге қиын. Бәрі бір жерде емес. Халық әртүрлі жерде суға түседі. Сол себептен біздің қызметкерлеріміз тек суда емес, жағалауларда да рейдтік шаралар өткізеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.