СҚО-да жібек қүрты орман алқабын отап тастаған

Биыл еліміздің солтүстігін жібек құрты жаулап барады. Жәндік өңірдегі 22 мың гектардан астам орман алқабын отап тастаған. Алты ауданда қауіпті карантиндік зиянкес ошағы анықталды. Осыған байланысты фитосанитарлар дәрілеу жұмысына кірісіп жатыр. Бұл мақсатқа жергілікті қазынадан 50 млн теңге бағытталған. Мамандардың айтуынша, жібек құрты көбіне қайың мен терекке жармасып, түгін қалдырмай отайды. Зиянкеске құс та жоламайды. Өйткені улы. Бұл құрт көбелекке айналған кезде, әрқайсысы кем дегенде 400-ге дейін жұмыртқа салады. Оның үстіне жәндіктің көбеюіне аптап ыстық пен құрғақшылық қолай тудырады.
ВАСИЛИЙ ЛАБАНЧУК, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Химиялық өңдеу жүргізіліп жатқан аумақтарда арнайы ескерту белгілері қойылады. Қолданып жатқан препараттар адам денсаулығына қауіпті емес. Яғни, дәрілеу аяқталған соң 3-4 күннен кейін саңырауқұлақ, жеміс-жидек теруге болады. Мұндай жағдай 2014-те, 2007-2008 жылдары, 1999 және 1994 жылы тіркелген. Ол кездері жібек құрты 100 мың гектардан астам орманды жайпап өткен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал