Әлемнің бірқатар елінде балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануына қойылатын талап күшейтіліп жатыр. Кей мемлекеттерде кәмелетке толмағандардың жеке парақша ашуына және әлеуметтік желілерді қолдануына шектеу енгізілсе, енді бір елдерде ата-анасының келісімімен ғана тіркелуге болады. Қазақстанда да бұл мәселе Мәжіліс отырысында бірнеше рет көтерілді. Депутаттар балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді пайдалануына қосымша шектеулер енгізуді ұсынған еді. Мамандардың пікірінше, мұндай шаралар жасөспірімдерді зиянды контенттен, ғаламторға тәуелділіктен және цифрлық ортадағы басқа да қауіп-қатерлерден қорғауға септігін тигізеді.
РАШИД КЕМЕЛБЕК, ҚҚДИ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
— Қазақстанға керек, өйткені ДДСҰ деректері бойынша және ЮНИСЕФ-тің деректері бойынша, қазір Орталық Азия мемлекеттері де Еуропалық одақтағы жасөспірімдер секілді әлеуметтік желіні белсенді пайдаланып отыр. Контентке құмарлықтан көп дұрыс емес жағдайлар орын алып жатыр. Әсіресе әлеуеттік желідегі алдану секілді. Мектеп жасынан медиа сауаттылық бойынша курстар оқытылса, әлбетте, балалардың ақпаратпен жұмыс істеу деңгейі көтеріледі. Өйткені бұл ғылыми түрде дәлелденген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.