Сот залындағы тараптардың теңдігі – әділ үкімнің басты кепілі. Елімізде 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Конституция дәл осы заң үстемдігі мен азаматтардың құқығын қорғауды басты орынға қойып отыр. Еліміздегі ауқымды реформа аясында құрылған дербес кассациялық сот жүйесі де дәл осы бағытта жұмыс істейді. Ондағы басты мақсат – төменгі инстанцияларда кеткен қателіктерді түзеп, заң үстемдігін орнату. Мамандардың айтуынша, кез келген тартыста жеңілген жақ соттың уәжін іштей мойындауы үшін, ең алдымен, процесс ашық әрі екі тарапқа да бірдей әділ өтуі тиіс.
ЭЛЕОНОРА ОҢҒАРСЫНОВА, КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:
— Сот төрелігіне деген сенім процестің түсініктілігінен басталады. Тараптардың теңдігі әрбір сот сатысында сақталуы міндетті. Егер жоғарғы сатыдағы сот бірінші және аппеляциялық сатыдағы сотпен тараптардың теңдігі бұзылғанын анықтаса, мұндай сот актілерінің күші жойылып, басқа негізгі сот актілері қабылданады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.