Жетісулық дәрігер Сымбат Сариковтың әр қимылы – адам тағдыры үшін жасалған шешім. Өз өмірінің 41 жылын хирургия саласына арнаған білікті дәрігер бүгінге дейін 3 мыңға жуық операция жасаған. Жаркент қаласының тұрғыны зейнетке шықса да, әлі ақ халатын шешкен жоқ.
Операция үстелінде өтіп жатқан ғұмыр. Осы уақыт аралығында Сымбат Сәрсенұлы мыңдаған адамның тағдырына араша түсті. Алтын қолды хирургтың қателікті кешірмейтін, жүгі ауыр мамандықты таңдауына бала күнгі оқиғалар себеп екен.
СЫМБАТ САРИКОВ, ХИРУРГ:
— Дәрігерлікті таңдау себебім апамның аяқ-қолы ауыратын. Сол уақытта апамды емдесем деген үлкен үміт болды. Содан бері қызметтемін. 23 жасымда келіп, қолыма скальпель алдым.
1962 жылы Жаркент қаласында дүниеге келген Сымбат Сариков әуелі мектепті озат аяқтаған. Ал 1985 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының хирургия факультетін тәмамдады. Кейін туған жерінде жерлестеріне қызмет етіп қалған. Жасы 50 ден асқан шақта да білім іздеп Оңтүстік Кореядан тәжірибесін жетілдіріп келген. Білікті хирург жайлы шәкірттері де мақтана айтады.
НҰРКЕН ҚҰСАИНОВ, АУДАНДЫҚ ЕМХАНА МЕҢГЕРУШІСІ:
— Сымбат Сәрсенұлы біз келгенннен осы жерде хирург болып жұмыс істейді. Ол кісіден үйренетін жақтарымыз көп. Осы уақытқа дейін ол кісіге ешқандай науқастан арыз-шағым болған жоқ. Өзінен кейінгі шәкіртттері қазір облысымызда еңбек етеді.
Алтын қолды хирургтың жары да дәрігер болған. Ақ халаттылар династиясы қазір 3 бала тәрбиелеп отыр. Сымбат Сәрсенұлының айтуынша, хирургтың көзі қырағы, қолы нәзік, ал жүрегі түкті болуы керек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.