Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
БІР ӨКІНІШ, БІР ҮМІТ
Әл-Фараби даңғылында үш адамның өліміне себепкер болған Zeekr жүргізушісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Күдіктіні марқұмдардың туыстары кешіргенімен, заң аямайды. «Қолымен істегенді мойнымен көтереді», — дейді заңгерлер.
ШОМЫЛУҒА ЖАРАМСЫЗ
Батыс Қазақстан облысында ресми тіркелген 34 жағажай бар. Соның жартысына жуығы талапқа сай емес. Яғни шомылуға жарамсыз. Салдарынан өңірде суға кету дерегі жиілеп барады. Сондықтан құтқарушылар бақылауды күшейтті.
ЖІБЕК ҚҰРТЫ ЖАУЛАДЫ
Еліміздің солтүстігін жібек құрты жаулап барады. Жәндік өңірдегі 22 мың гектардан астам орман алқабын отап тастаған. Алты ауданда қауіпті карантиндік зиянкес ошағы анықталды. Осыған байланысты фитосанитарлар дәрілеуге кірісті.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІГЕ ТЫЙЫМ
Әлем елдерінде балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіні пайдалануына талап күшейтіліп жатыр. Кей мемлекеттерде кәмелетке толмағандардың жеке парақша ашуына шектеу енгізілді. Бұл мәселе Қазақстанда да өзекті. Қазір мамандар жаңа талап түрлерін талқылап жатыр.
БІРЫҢҒАЙ QR-КОД
Келесі айдан бастап елімізде бірыңғай QR-код енгізіледі. Яғни азаматтар әр түрлі банктің карточкасы немесе қосымшасын жүктеп әуре болмайды. Бұл қарапайым тұрғындар үшін тиімді. Ал кәсіпкерлер не дейді?
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.