Ақтөбеде дауыл жайпап өткен жерлер қалпына келтіріліп жатыр

Ағаш құлап, шатыр ұшып, жарық өшті. Ақтөбеде алай-дүлей дауыл жайпап өткен жерлер қалпына келтіріліп жатыр. Қала маңындағы Ақшат және Шілісай ауылдарында бұршақ жауды. Синоптиктер ертең де өңірде найзағай ойнап, жаңбырлы дауыл соғады деп ескертеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал