Жолдағы қауіпсіздік мәселесі күн тәртібінен түсер емес. Астана – Қорғалжын тасжолының Целиноград ауданында үш бірдей көлік соқтығысып, қос көліктің күлі көкке ұшты. Қайғылысы сол, бес жолаушы сол жерде тіл тартпай кеткен. Тағы бесеуі ауруханада жатыр. Оларды бірден Астанаға жеткізген. Жол апатының себебі анықталып жатыр.
АЗАМАТ БАЙҒАЗИН, ПД БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдықты арттырмауға және жолда аса мұқият болуға шақырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.