Ақтөбеде автогаз құю бекетіндегі жарылыстан үш адам қайтыс болды

Ақтөбеде автогаз құю бекетінде болған жарылыс үш адамның өмірін қиды. Әйел мен екі бала- мерт болған. Қайғылы оқиға Ақтөбеде түнгі сағат 11-дің шамасында болған. Алдымен, жанармай бекетінде автокөлік өртеніп, кейін жарылған. 54 жастағы ер адам ғана аман қалды. Алайда денесінің 45 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. Ал жанармай бекетінің иесі қамалды. Полиция «Жарылыс қаупі бар нысандардағы қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал