Тойдан кейін төсекке таңылған жұрт. Ақтөбе облысындағы Қандыағаш қаласының 102 тұрғыны астан уланып, ондаған адамнан сальмонеллез табылды. Жедел штаб құрылып, медициналық бригада жіберілді. Олардың барлығы мейрамханада қонақ болған. Зардап шеккендердің арасында, кәмелетке толмаған бала да бар. Кейбір тұрғындар іс-шарадан кейін өз үйлеріне басқа қалаға кетіп үлгерген. Алайда үйге жеткен соң, дәрігерлер көмегіне жүгініпті. Мәселен, бірнеше адам қазір Астанада ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, жаппай улануға ет тағамы себеп болуы мүмкін.
ЕРЛАН МҰРАТОВ, МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ СЭББ БАСШЫСЫ:
— Қазіргі уақытта эпидемиолог тексеру жүргізулуде. Тергеу аясында тағам өнімдері және қоршаған орта объектілерінің сынамалар алынып зертханалық зертеуге жіберілді. Эпидемиялық акция және профилактикалық іс шараларды жүргузі мақсатында қоғамдық тамақтану объектісінің қызметтік барлық мән жайлы анықталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Қосымша ақпарат эпидемиолог тексеру нәтижесі бойынша ұсынылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.