Ақмола облысында вейп саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Ақмола облысында электрондық вейпті, сондай-ақ оларға арналған хош иістендіргіш пен сұйықтықты заңсыз сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Заңсыз өнім әлеуметтік желідегі интернет-дүкен арқылы сатылып, жеткізу курьерлік қызметпен жүзеге асырылған. Тергеу мәліметінше, күдіктілер заңсыз әрекеттерін жасыру үшін конспирация тәсілдерін қолданып, ақша қабылдау және оны қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында дропперлердің қызметіне жүгінген. Қылмыстық жолмен тапқан табыстың жалпы көлемі 221 миллион теңгеден асқан. Сот санкциясымен күдіктілерге тиесілі пәтер мен автокөлікке тыйым салынды.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Айту керек, жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптерді заңсыз өткізу фактілері бойынша 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Заңсыз айналымнан 717 мың дана өнім тәркіленді. ҚМА ескертеді: вейптерді пайдалану, әсіресе жасөспірімдер мен жастар арасында никотинге тәуелділіктің қалыптасуына әкеледі. Никотин жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесіне кері әсер етіп, созылмалы аурулардың даму қаупін арттырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал