Зерендіде табылған балық өлекселері жұртты алаңдатты

Курортты аймақ Зерендідегі Айдабол көлінде балық өлекселерінің шашылып жатқанын тұрғындар мен демалушылар байқаған. Оқиға орнына шұғыл жеткен эколог, ветеринар және балық инспекциясының мамандары балық неден қырылды деп зерттей бастады. Бұл су айдыны екі бөлікке бөлінген. Иелері бар. Алынған материал зертханаға жіберілді. Қазіргі уақытта балықтың қырылуына қатысты бірнеше болжам айтылып жатыр. Соның бірі – аптап ыстық. Қазір + 30 градустан асып тұр. Екіншісі, ағынды су себеп болуы мүмкін.
НҰРЛАН ТӨЛЕГЕН, БАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
— Су айдынын тексеру барысында торта балығының қырылу фактісі тіркелді. Көлде мекендейтін басқа балық түрлерінің, атап айтқанда, шортан, алабұға және пеле және тұқы балықтарының қырылу белгілері анықталған жоқ. Ақмола облысының ветеринариялық инспекциясы мен экология департаменті өкілдерімен бірлесіп су айдынына тексеру жүргізілді. Су сынамалары мен қырылған балықтардың үлгілері зертханалық зерттеу үшін алынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал