ШҚО-да судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Шығыс Қазақстан облысында судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Бүгінде Бұқтырма су қоймасының акваториясында қайық мінген құтқарушылар патрульдік бақылау жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жаппай шомылу орындарына қозғалтқышты қайықпен кіруіне шектеу қойды. Тіпті ережені елеп-ескермегендерге Бұқтырма маңынан айып тұрағын ашуды көздеп отыр. Бұл мәселені жергілікті билік пен аймақтық көліктік бақылау инспекциясы мамандары талқылап жатыр. Курорттық аймаққа қосымша құтқару жасағы жіберіліп, бақылау мұнаралары орнатылды. Онда кезекшілік тәулік бойы жүргізіледі.
БЕЙІМБЕТ ӘБІШТАЙ, АЛТАЙ АУДАНЫ ТЖБ БАС МАМАНЫ:
— Шығыс Қазақстан облысында суға түсу маусымы басталғалы 2 адам қаза тапқан. Қаза тапқан адамдар арнайы жабдықталмаған жерде суға түскен. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментімен арнайы профилактикалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Профилактикалық жұмыстарға заманына сай техникалар, катерлар және де дрордар қолданылуда.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал