Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ҮШ ӨМІРДІҢ ҮНІ
Үш адамның қазасына себеп болған Алматыдағы резонансты іс бойынша сот шешімі жақындап келеді. Мемлекеттік айыптаушы Zeekr жүргізушісін 10 жыл түрмеге қамауды сұрады.
КҮЛГЕ АЙНАЛҒАН КӨЛІК
Бір сәтте үзілген бес ғұмыр. Астана – Қорғалжын тасжолында үш көлік соқтығысып, екеуі өртеніп кетті. Бес жолаушы жансақтау бөлімінде жатыр. Жантүршігерлік апаттың себебі неде?
ТОЙҒА БАРСАҢ…
Тойдан кейін төсекке таңылған жұрт. Ақтөбе облысындағы Қандыағаштың 102 тұрғыны астан уланып, ондаған адамнан сальмонеллез табылды. Жедел штаб құрылып, медициналық бригада жіберілді.
ҚАУІПСІЗ ОЙЫНШЫҚ ҚАЙДА?
Сағыздай созылған слайм, түрлі түсті дірілдек ойыншықтар. Сырттай сүйкімді көрінген бұл бұйымдар қандай қауіп жасыруы мүмкін? Біздің тілшіміз қауіпсіз ойыншық таңдаудың қыр-сырын анықтап қайтты.
БАТЫР ӘКЕ
Қамқор әке, батыр әке. Ақтөбеде көпке үлгі болған азаматтар ел алдында марапатталды. Бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан жоба әкелік мейірім мен жауапкершілікті дәріптеп келеді.
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.