Аптап ыстық тек Қазақстан тұрғындарын ғана емес, Еуропа халқын да әбігерге салды. Әсіресе Францияда жағдай алаңдатарлық. Елде ауа температурасы күрт жоғарлап, 18 адам көз жұмған. Қаза болғандардың арасында екі бала бар. Олар жабық көліктің ішінде ес-түссіз жатқан. Осыған байланысты елде ең жоғары «қызыл деңгейдегі» метеоқауіп жарияланды. Испанияда да күн қатты ысыды. Соңғы бірнеше тәулік бойы сынап бағанасы 40 градустан төмен түспеген. Ал Италия мен Ұлыбританияда аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланып, қауіп деңгейі күшейтілді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.