Көкшетауда жаяу жүргіншіні көлікпен басып кеткен әйелге сот үкім шығарды

Көкшетауда қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сот үкім кесті. Бұл кадрларда жүргізушінің адамды қағып кеткен сәті бейнеленген. Кейін белгілі болғандай, көлікті әйел адам басқарған. Қайғылы оқиға 9 мамыр күні болған. Көлік тізгінінде жүргізуші куәлігі жоқ мектеп мұғалімі отырған. Сот барысында айыпталушы сол күні жұбайының денсаулығы сыр бергендіктен рөлге отырғанын айтты. Ал көлік иесіне қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске шығарылған. Жол апаты салдарынан жалғызбасты ана қаза тапты. Оның кәмелетке толмаған ұлы қалды. Сот әйелдің кінәсі толық дәлелденгенін мәлімдеді. Үкім шығару кезінде сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуы, жәбірленуші тараптың кешірім беруі және келтірілген шығынның өтелуі ескерілді. Үкімнің орындалуы кейінге шегерілді.
АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:
— Сот ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігінде балама жаза қарастырылмағанын ескерді. Айыпталушы жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, адам өліміне әкелді. Сот үкімімен оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес әйелдің екі кішкентай баласы болғандықтан, жазаны өтеу мерзімі 3 жылға кейінге шегерілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал