СҚО-да 67 жастағы тұрғын өз баласынан таяқ жеді

Солтүстік Қазақстан облысында жаға ұстатарлық жағдай. Шал ақын ауданына қарасты Бірлік ауылының 67 жастағы тұрғыны бауыр еті баласынан таяқ жеді. Сорақысы, күдікті әкесін балағаттап, артынша қол көтеріп жатқан әрекетін өзінің ұялы телефонына түсірген. Артынша бейнежазбаны әлеуметтік желіге жариялаған. Желдей ескен видео қоғамның наразылығын тудырды. Аталған фактіге қатысты тексеріс жүргізіліп, көп ұзамай сезікті ұсталды. Оның бұл қылмысты ішімдік ішіп жасағаны білгілі болды. Сот шешімімен ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал зейнеткер ұлына қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартқан. Тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қатаң жауапкершілік бар екенін ескертеді.
СӘН ЖҰМАҒАЗИНА, ПД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
— Тексеріс жұмысы барысында сол ауданның 22 жастағы тұрғынымен оның 67 жастағы әкесі болғаны анықталды. 22 жастағы жігіт бұған дейін де тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бүгінгі таңда оған қатысты әкімшілік материал жиналып, яғни тұрмыстық-қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер бойынша оған тәртіптік жаза қолданды. Бес тәулікке қамаққа алынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал