Бүгін – қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. 1992 жылы Қазақстанның Ішкі істер органдары құрылып, тәуелсіз елдің құқық қорғау жүйесінің негізі қаланса, 2007 жылдан бастап 23 маусым Қазақстан полициясы күні ретінде ресми бекітілді. Полиция қызметінің нәтижесі де оң көрсеткіштерге ие. Биылғы бес айда тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9%-ға азайған. Сонымен қатар 1685 бұрынғы жылдардағы қылмыс ашылып, 574 іздеудегі қылмыскер ұсталды, оның 89-ы шетелде анықталды. Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген полиция қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.