«Не ексең, соны орасың». Батысқазақстандықтар 18 мың гектар аумақты тазартып, 36 мыңнан аса түп терек көшетін отырғызып, жарысып жатыр. Республикалық акцияға 90 мыңға тарта тұрғын қатысқан. Белсенділер арасында кәсіпорын қызметкерлері, жастар мен студенттер бар. Нәтижесінде, 5 мың тоннаға жуық қатты қоқыс қалдығы-арнаулы орынға шығарылды. Бүгінгі бастама ертең жалғасын табады деген сенім мол.
ДАРХАН ЗАКАРИН, ТАБИҒИ РЕСУРСТАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Таза су, таза жер, таза ауа – кейінгі ұрпаққа қалдыратын біздің байлығымыз. Бұл акцияның мақсаты – экологиялық сауаттылықты қалыптастыру, табиғи байлықты кейінгі ұрпаққа қалдыру.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.