Жетісайлық шаруалар зәйтүн ағашын өсіріп жатыр

Қазақстанда алғаш рет Жетісайлық шаруалар зәйтүн ағашын өсіріп жатыр. Үш жыл бойы тәжірибе жасап, зерттеу жүргізген диқандар бүгінде 5 гектар аумаққа зәйтүн көшеттерін отырғызған. Шаруалардың айтуынша, жергілікті климат ағаштың өсіп-өнуіне қолайлы. Егер жоспар ойдағыдай жүзеге асса, тағы екі жылдан кейін алғашқы өнім жиналады. Ал одан зәйтүн майы мен табиғи сабын өндіру қолға алынбақ. Шаруалар болашақта алқап көлемін бірнеше есе ұлғайтып, өңдеу зауытын ашуды жоспарлап отыр. «Зәйтүн шаруашылығы өңірдегі ауыл шаруашылығын әртараптандыруға серпін беріп, жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді», — дейді олар. Шаруалардың айтуынша, бұл бастама отандық нарықты сапалы өніммен қамтуға жол ашпақ
БЕРДИЯР ПАДАШ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Зәйтүн ағаштары суға қатты құмар емес, оның шөлін қандыру үшін айына бір мәрте ғана суарсаңыз жеткілікті. Зәйтүннің майына сұраныс қазірдің өзінде жақсы. 2 жылдан кейін өнім алған жағдайда, зәйтүн ағаштарынан кемінде 500 гектар бау құрмақшымыз. Зауыт салу да ойымызда бар. 500 гектарлық зәйтүн бауы бір мемлекетті маймен асырай алады. Ал бір мемлекетті асырай алатындай зауыт кемінде 500 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал